Accessibility links

Путин, Рим Папасы және Сноуден Нобель сыйлығына ұсынылды


Нобель сыйлығы үшін тапсырылатын медаль. Көрнекі сурет.

Нобель сыйлығы үшін тапсырылатын медаль. Көрнекі сурет.

Биыл бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылған үміткерлер саны рекордтық көрсеткіш - 278-ге жетті. Үміткерлердің 231-і - жеке адам, 47-сі - әртүрлі ұйымдар. Үміткерлер арасында Рим Папасы Франциск, пәкістандық оқушы әрі блогер Малала Юcуфзай, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ арнайы қызметінің құпия аңду бағдарламасын әшкере еткен Эдвард Сноуден бар.

Сыйлыққа Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон, Балқан түбегіндегі қақтығыстарды реттеудегі үлесі үшін Сербияның премьер-министрі Ивица Дачич пен Косово премьер-министрі Хашим Тачи де ұсынылған.

Сыйлықты тағайындау комитеті бұған дейін үміткерлер санын 25-40 адамға дейін қысқартқан. Сәуір айында үміткерлер тізімінде шамамен 12 адам мен ұйым ғана қалдырылып, жеңімпаз қазан айында жарияланады.
XS
SM
MD
LG