Accessibility links

Джон Керри: Украина келіссөзі жалғасады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинадағы дағдарысты дипломатиялық жолмен реттеу әрекеттері жалғаса беретінін мәлімдеді. Керри бұл жайында кеше Парижде Украина, Ресей, Ұлыбритания және Франция сыртқы істер министрлерімен өткізген келіссөзден кейін хабарлады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жеке кездескен Керри кездесуді "қатқыл түрде өтті" деп бағалап, екеуі бүгін Римде тағы да кездесетінін айтты.

Парижде Сергей Лавров Украина сыртқы істер министрімен кездесуден бас тартқан.

Кеше Қырымда жүрген БҰҰ өкілі ашулы ресейшіл топтың қысымынан аймақтан кетуге мәжбүр болған. Ал Донецкіде ресейшіл шерушілер аймақтық әкімшілікті қайта бақылауына алған.

НАТО Ресеймен қарым-қатынасын қайта қарайтынын және Украинаның жаңа билігімен байланысын нығайтатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG