Accessibility links

Хамид Карзайдың ағасы президент сайлауынан шығып қалды


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың ағасы Каюм Карзай.
Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың ағасы Каюм Карзай.
Ауғанстан президент Хамид Карзайдың ағасы Каюм Карзай президент сайлауынан шығып қалды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Каюм Карзайдың президенттікке тағы бір үміткер, бұрынғы сыртқы істер министрі Залмай Расулға саяси қолдау көрсетуге шешім қабылдағанын айтады.

Залмай Расулдың сайлау кампаниясының қызметкерлері Азаттықтың Ауған қызметіне бұл жайында бүгін ресми хабарланатынын айтты.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай президенттікке кандидаттардың ешқайсысын да ресми түрде қолдаған жоқ. Ол ағасы Каюм Карзайды сайлауға түспеуге шақырған.

Ауғанстан президенттігіне барлығы - 11 адам үміткер. Екі рет президент болып сайланған Хамид Карзай енді қайта сайлауға түсе алмайды.
XS
SM
MD
LG