Accessibility links

Pussy Riot мүшелеріне шабуыл жасалды


Полицейлер Pussy Riot панк-тобының мүшелері Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаны сот ғимараты маңында тоқтатып тұр. Мәскеу, 21 ақпан 2014 жыл.

Полицейлер Pussy Riot панк-тобының мүшелері Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаны сот ғимараты маңында тоқтатып тұр. Мәскеу, 21 ақпан 2014 жыл.

Ресейдің Нижний Новгород қаласында жүрген Pussy Riot панк-тобы мүшелері Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаға бүгін таңертең белгісіз біреулер шабуыл жасады.

Олардың адвокаты Евгений Губиннің "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, Алехинаның маңдайы жарылған. Шабуылдаған бес жас жігіт Алехина мен Толоконникованың бетіне белгісіз сұйықтық шашып, екеуінің де көзін зақымдаған.

Шабуыл Нижний Новгород вокзалындағы "Макдональдс" мейрамханасында жасалған. Жас жігіттер Толоконникова мен Алехинаға металл заттар мен тамақтар лақтырып, үстеріне жасыл дәрі (зеленка) шашқан.

Адвокаттың айтуынша, оқиғаны видеобақылау камералары түсіріп алған. Панк тобының мүшелері шабуыл туралы полицияға шағымданған.

Толоконникова мен Алехина және топтың өзге де мүшелері Сочиде Ресей президенті Владимир Путинге қарсы клип түсіру кезінде казактардың шабуылына да ұшыраған еді.
XS
SM
MD
LG