Accessibility links

АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Путинге Ресейдің Қырымдағы әрекеті Украинаның егемендігіне қол сұғатынын және ол Вашингтонды әскери интервенцияға қатысы бар ресейлік шенеуніктерге қарсы санкция салуға итермелейтінін айтқан.

Обама Ресейді Қырымнан әскерін әкетіп, есесіне Украинаға барлық украиндықтың, оның ішінде этникалық орыстардың да құқықтарын сақталуын қамтамасыз ететін халықаралық бақылаушыларды кіргізу туралы жоспарын ұсынған. Обама бұған қоса халықаралық қауымдастықтың араағайындығымен Ресей мен Украина арасында тікелей келіссөздер өткізу қажетін айтқан.

Обама мен Путин соңғы алты күнде осымен екінші рет телефон арқылы сөйлесіп отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG