Accessibility links

Иран Газаға қару-жарақ жөнелткенін жоққа шығарды


Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф Тель-Авивтің Израиль әскерилері Тегераннан Газа секторына жөнелтілген, бортында зымырандары бар кемені ұстағаны туралы мәлімдемесін "жалған" деп атады.

Twitter-дегі аккаунтында Джавад Зариф кеменің Вашингтонда өткен жыл сайынғы америка-израиль жоғары шенді шенуніктерінің конференциясы басталар тұста ұсталғанын "таңқаларлық сәйкестік" деп атады.

Израиль әскерилері 5 наурыз күні Қызыл теңізде "әуелі Иранға, одан ары теңіз арқылы Газа секторындағы палестиналықтарға сириялық зымырандар тасымалдаған кемені ұстағанын" хабарлаған.

АҚШ-Израиль қоғамдық байланыстар жөніндегі комитетінің жыл сайынғы отырысы 5 наурызда Вашингтонда өткен. Оған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху да қатысқан. АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінде Нетаньяху Иран Израильге көбірек қауіп төндіреді деген.
XS
SM
MD
LG