Accessibility links

Паралимпиада ойындары басталады


Сочидегі қысқы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты. 26 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Сочидегі қысқы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты. 26 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Бүгін Сочиде 11 қысқы паралимпия ойындары ресми түрде басталады.

Паралимпиада Ресейдің Украинаның Қырым аймағына әскер кіргізіп, жағдай шиеленіскен тұста өтейін деп тұр. АҚШ президентінің делегациясы және басқа да бірқатар шетелдік лауазымды тұлғалар паралимпиадаға барудан бас тартты.

Ресей президенті Владимир Путин паралимпидаға қандай да бір байкот жариялауды "арсыздық" болып саналатынын айтты.

Украинаның паралимпиада командасы Ресейдің Қырымға басып кіргеніне байланысты байкот жариялайтыны әзірге белгісіз.

7 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтетін паралимпиадаға 45 елден 600-ге тарта спортшы қатысады деп жоспарланған. Бірақ кеше Олимпиада қалашығында жарыс туы көтерілген кезде 31 елдің командасы әнұрандарын шырқаған.
XS
SM
MD
LG