Accessibility links

Ердоған: Facebook пен YouTube бұғаулануы мүмкін


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 30 наурызда жергілікті органдарға сайлау өткізілгеннен кейін елде Facebook пен YouTube бұғаулануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ердоған бұл жайында Түркияның ATV телеарнасына елдегі ірі коррупциялық жанжалға байланысты берген сұхбатында айтты.

Өткен аптада интернетте Ердоған деп сипатталған адамның телефонмен сөйлескен әңгімесінің жазбалары тарап кеткен еді. Телефон жазбаларының бірінде "Ердоған мен оның ұлы ірі көлемдегі қаржыны қалай жасыру керегін талқылаған". Ердоған "телефон жазбаларын қолдан жасалған, оны қарсыластарым сайлау алдында беделімді түсіру үшін таратып отыр" дейді.

Түркия таяуда үкіметтің сот органдары мен интернетті бақылауын күшейтетін заң қабылдаған. Ол заң түрік құқық қорғаушылары мен қоғамның сынына ұшыраған.
XS
SM
MD
LG