Accessibility links

Ресей "губернаторларға қысым" туралы іс қозғады


Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин.
Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин.
Ресейдің тергеу комитеті Украинадағы оқиғаларға байланысты ресейлік төрт облыстың губернаторларына қоқан-лоқы жасалғаны туралы қылмыстық іс қозғады.

Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің хабарлауынша, Воронеж, Белгород, Курск және Брянск облыстарының губернаторларына "қысым көрсетіліп, қоқан-лоқы жасалған". Бұған қатысты "билік өкіліне немесе оның жақындарына қызметтік міндетін орындауына байланысты жәбір көрсету" бабы бойынша іс қозғалған.

Маркиннің сөзіне қарағанда, облыс губернаторларына "Қара крест" қасиетті бауырластығы" деп аталатын әлдебір топтан электрондық хат келген. Онда хат иелері губернаторлардан өз аймақтарының Украинаға қосылатынын хабарлап, Кремльдің саясатына бағынбайтындарын көпшілік алдында жариялап, отставкаға кетуді, я болмаса "өз-өздеріне қол жұмсауды" талап еткен. Олай істемеген жағдайда губернаторлардың "көздері жойылатыны ескертілген".

"Тергеушілер бұған қоса талаптардың ақылға сыймайтыны анық болса да, құқық қорғау орындары қоқан-лоқыны шынайы қабылдағандықтан хат иелерінің ақыл-есінің дұрыстығын да тексереді" дейді Маркин.
XS
SM
MD
LG