Accessibility links

«Еуразиялық интеграцияны» тежей тұру айтыла бастады


Кеден Одағы елдерінің басшылары (солдан оңға) - Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Кеден Одағы елдерінің басшылары (солдан оңға) - Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Украинадағы дағдарыс тереңдеген сайын қазақстандық саясаткерлер «Еуразиялық интеграцияны тежеу» және «тайм-аут алу» туралы ашық пікір білдіре бастады.

Украина мен Ресей арасында саяси шиеленіс туған соң Қазақстанда Кеден Одағы елдері арасындағы Еуразия экономикалық одағына қатысты келісім-шарттарға сыни көзқараспен қайта қараушылар көбейе бастады.

Наурыздың 5-і күні Кеден Одағы елдерінің басшылары Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеу түбіндегі резиденциясында кездескен еді. 2015 жылы қаңтардың 1-інен бастап ЕЭО құру жөнінде уағдаласып келе жатқан үш елдің басшылары бұл жолы да пысықтай түсуді қажет ететін келісімдер бар екенін айтысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әуелі экономикалық одақ құру керектігін, интеграциялық процестерді асықтыру қосымша мәселелер тудыратынын ескертті.

«КЕПІЛДІК ЖОҚ»

Соңғы аптада айтылып жатқан қазақстандық сарапшылар мен саясаткерлердің «Еуразия аймағындағы интергацияны тежей тұру» туралы пікірлері президент Назарбаевтың «сақтығымен» үндес шықты.

Ресейлік белсенді Эдуард Лимонов пен мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владимир Жириновскийдің Қазақстанға қарата айтқан сеператистік пікірлері мен Украинаға «шектеулі әскери контингент кіргізу» туралы Ресей билігінің шешімінен кейін Қазақстанда «Ресеймен экономикалық одақ саяси одаққа айналуы мүмкін» дейтін қауіп одан әрі күшейе түсіп, Назарбаевтың Ресейге сапары қилы жорамалдарға түрткі болған еді.

Кеден Одағына қарсы қоғамдық белсенділерден өзге Қазақстанның билікшіл саясаткерлері де Ресеймен интеграцияға сақтықпен қарау туралы айта бастады. Мұндай пікірлерге қарағанда «Украинаның аумақтық тұтастығын халықаралық келісімдерге қарамастан бұзған» Ресейдің Қазақстанмен достық қатынасын сақтайтынына кепілдік жоқ.

2013 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарған саясаткер Ерлан Қариннің «Курсив» газетіне берген пікіріне қарағанда Кремльдің
Ерлан Қарин.
Ерлан Қарин.
1994 жылы АҚШ, Ресей және Ұлыбритания елдері қол қойып, Украина, Беларусь және Қазақстанның аумақтық тұтастығының сақталуына кепілдік берген Будапешт меморандумын мойындаудан бас тартуы - постсоветтік елдердегі қауіпсіздіктің құқықтық негіздерін біржола жоққа шығарады.

«Сондықтан Қазақстан сыртқы саясатта Ресеймен екі жақты қатынастарды дамыта отырып, өз мүддесін неғұрлым қатаңырақ қорғау керек. Украина оқиғасы – интеграциялық бірлестік қалыптастыру процесінде кем дегенде тайм-аут алуға себеп бола алады» дейді Ерлан Қарин.

Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының парламент сенатындағы өкілі Ғани Қасымов Украина мен Ресей арасындағы саяси жанжал тоқтамай тұрып,
Ғани Қасымов.
Ғани Қасымов.
Ресеймен қандай да бір келісім жасаудан үзілді-кесілді бас тартуға шақырғандардың бірі.

Парламент сенатының бұрынғы депутатының айтуынша «Егер АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге экономикалық санкция салатын болса, Қазақстанға да саяси және экономикалық қысым жасалады. Сондықтан Ресеймен Еуразия Одағы, Кеден Одағы жөнінде ешқандай келісімге қол қоюға болмайды».

«ӘСКЕРДІ КҮШЕЙТУ»

Қазақстанның БАҚ-тары мен әлеуметтік желілерінде жиі айтылған «Ресеймен одақтың қаупі» және «Кеден Одағының зиянды жақтары» туралы пікірлерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Алматыда «егемендігіне қатер төндіретін кез-келген одақ пен келісімнен Қазақстанның шығып кете алатынын» ескерткен еді.

Осыдан кейін Еуразия Одағы идеясын саясиландырмауға бірнеше рет шақырған президент Назарбаев былтыр «Кеден Одағына Түркияны да қосайық» деген пікір
Еуразия одағы саммитіне жиналған елдер басшылары. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
Еуразия одағы саммитіне жиналған елдер басшылары. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
білдірген. Оның айтуынша, шетелде өзіне «СССР немесе Ресей қол астындағы соған ұқсас ұйым құрылып жатқаны» туралы көп сұрақ қойылады. «Түркия президенті маған Кеден Одағына кіру туралы ұсынысын білдірген. Түркия үлкен ел ғой, оны қабылдасақ бәлкім мұндай әңгімелер де тоқтайтын шығар» деген болатын Назарбаев.

2013 жылы қазан айында Қазақстан президенті Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес жиынында «Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің жұмысы саясиланған және комиссия мүшелеріне Ресей тапсырма береді» деп те сынаған болатын.

Президент Назарбаевтың сол кездегі сөзіне қарағанда «Еуразиялық экономикалық комиссияның талқылау қажет ететін құжаттары шешім қабылдауға бір күн қалғанда ғана жіберіледі».

Ал наурыздың 5-сі күні өткен кеңесте Назарбаев «Еуразиялық экономикалық комиссияның вице-премьерлер деңгейінде Астанада өткен отырысы бір күн бұрын болғанын, бірақ комиссия мүшелерімен кездесе алмаса да, құжаттарды мұқият қарап шыққанын» айтты.

Еуразиялық жоғары экономикалық кеңесте Беларусь пен Қазақстанның ескертпелеріне қарамастан Ресейдің ұсынысы бойынша ЕЭО туралы келісімге биыл мамыр мамыр айында қол қойылуы мүмкін деп жарияланды. Ресейдің екі одақтасы оған дейін сәуірде және бір кездесу қажет екенін айтып тарасты.

Қазақстанға қайта оралысымен наурыздың 6-сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрлігінде шұғыл стратегиялық кеңес өткізді. Ол: «халықтың әскер шекараны қорғайды деп сеніп отырғанын, жан-жақта жау бар екенін, әскерді күшейту керек екенін» ескертті.
XS
SM
MD
LG