Accessibility links

Теннисші Зарина Дияс Қытайда жеңіске жетті


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.
Қазақстандық 20 жастағы теннисші Зарина Дияс Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүлде қоры 50 мың АҚШ доллары болатын ITF (халықаралық теннис федерациясы ұйымдастыратын турнир) санатындағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Ол финалда таиландтық Ноппаван Лертчивакарнды ұтты – 6:1, 6:1.

Зарина Дияс финалға дейін Қытайдың үш теннисшісін жеңген. Ал жартылай финалда ресейлік Ксения Первактан басым түсті – 6:2, 3:1. Ресей теннисшісі екінші сетте ойынды жалғастырудан бас тартты.

Зарина Дияс - әлемдік рейтингте 118-орында тұрған теннисші. Ол биыл Grand Slam категориясындағы Australian Open жарысына қатысып, үшінші айналымға дейін жеткен еді.
XS
SM
MD
LG