Accessibility links

Малайзияның жоғалған ұшағын іздеп жатыр


Жоғалған ұшақты қарсы алмақ болған әйел жылап тұр. Пекин, 8 наурыз 2014 жыл.

Жоғалған ұшақты қарсы алмақ болған әйел жылап тұр. Пекин, 8 наурыз 2014 жыл.

Malaysia Airlines компаниясының жоғалып кеткен ұшағын іздестіруге Вьетнам кемелері мен ұшақтары кірісті. Олар Оңтүстік Қытай теңізіндегі мұнай төгілген жерлерді шолып шықты.

Бүгін Малайзия көлік министрлігі іздеу жұмыстары аумағы кеңейтілгенін хабарлады.
Жоғалып кеткен Boeing-777 ұшағының бортында 239 адам болған. Олардың үштен екісі - Қытай, қалғандары - Азия, Солтүстік Америка және Еуропа азаматтары.

Лайнер радардан сенбі күні ұшқанына бір сағат болған кезде жоғалып кеткен. Ұшақ Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Пекинге шыққан.

Теңіз бетінде төгілген мұнайдың іздері сенбі күні кешке байқалды. Билік өкілдері оның жоғалған ұшаққа қатысы болуы мүмкін деп болжаған еді.

Түрлі болжамдар арасында "ұшақ теракт кесірінен құлауы мүмкін" деген жорамал да бар. Жолаушылар тізімі де тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG