Accessibility links

Ходорковский Киевке барды


ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.

ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.

Әлеуметтік желілер мен бірнеше басылым ақпараттарына қарағанда, ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Киевке ұшып барған. Ол Майданға (Киевтегі Тәуелсіздік алаңы - ред.) барып, белсенділермен сөйлескен.

Мұның алдында Ходорковскийдің баспасөз орталығы ЮКОС-тың бұрынғы басшысы жақын арада Киевке баратынын хабарлаған еді. 10 наурыз күні ол Политехникалық институтта «Құқық пен бостандық» туралы дәріс оқымақ.

Наурыздың басында Михаил Ходорковский Украинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме таратты. Ол онда "кез келген қоғамдық күштің шақыруымен Украинаның кез келген түкпіріне қантөгістің алдын алуға көмектесу үшін баруға дайын екенін" айтқан.

Ходорковский мәлімдемесінде "саясаткерлердің сауатсыз әрекеттері кесірінен біз Украинадағы азамат соғысына қатысуға шақ тұрмыз" деп жазылған.

Ходорковский 2013 жылы желтоқсан айында Ресей президенті Владимир Путиннің рақымшылығына ілініп, түрмеден шықты. Ол экономикалық қылмыстар жасады деп айыпталған еді.

Бостандыққа шыққан бетте Ходорковский Ресейден кетіп қалды. Ол "қоғамдық жұмыстармен айналысатынын" айтты.
XS
SM
MD
LG