Accessibility links

Малайзияның жоғалған ұшағы табылмай жатыр


Малайзия ұшағы жайлы хабарды естіп жылап тұрған адам. Пекин әуежайы, 8 наурыз 2014 жыл.

Малайзия ұшағы жайлы хабарды естіп жылап тұрған адам. Пекин әуежайы, 8 наурыз 2014 жыл.

Малайзия азаматтық авиация басқармасы басшысы 8 наурызда жоғалып кеткен "Боинг-777" ұшағынан әлі хабар жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, билік "ұшақты біреу айдап әкетуі мүмкін" деген болжамды да жоққа шығармайды.

Бұған дейін Вьетнам азаматтық авиация басқармасы бортында он шақты елдің 239 жолаушысы бар Малайзия жолаушылар ұшағының қалдығына ұқсас нәрсе көргенін хабарлаған еді. Малайзия өкілі ол хабар расталмағанын айтты.

Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шыққан ұшақ шамамен бір сағаттан соң, Малайзия мен Вьетнам арасындағы теңіз аумағында ешбір дабыл белгісін бермей жоғалып кеткен еді. Малайзия билігінің айтуынша, ұшақты бірнеше елдің 40 кемесі мен 34 ұшағы іздестіріп жүр.

Тергеушілер ол рейс кезіндегі бейнежазбаларды тексеріп жатыр. Бұған дейін "екі жолаушы Еуропа елдерінен ұрланған паспортты көрсетіп ұшаққа мінген" деген дерек тараған.
XS
SM
MD
LG