Accessibility links

ДБ Украинаға 3 миллиард доллар беруге дайын


Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Ким.

Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Ким.

Дүниежүзілік банк (ДБ) маңызды даму жобаларын қолдау және реформалар жүргізу үшін биыл Украинаға 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруге дайын екенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Ким кеше Вашингтонда "Біз Украина халқын мұндай қиын жағдайда қолдауға дайынбыз және бұл елдегі жағдай таяу арада тұрақтанады деп үміттенеміз" деді.

Банк қаржыны макроэкономикалық деңгейдегі тұрақтылықты қалпына келтіру, украиналық банк жүйесін нығайту, энергетикалық секторды реформалау және коррупциямен күрес сияқты мақсаттарға беретінін айтқан.

Банк бұған дейін Украинаға инвестициялық бағдарламалар арқылы 3,7 милилард АҚШ долларын берген. Ол қаржы энергетикалық секторды, су құбырлары мен канализация жүйелерін дамытуға және жол салуға бағытталған.
XS
SM
MD
LG