Accessibility links

"Союз" капсуласымен үш ғарышкер жерге оралды


Қазақстанға қонған "Союз ТМА-09М" капсуласы. 11 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанға қонған "Союз ТМА-09М" капсуласы. 11 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ пен Ресейдің үш ғарышкері бар ресейлік "Союз ТМА-10М" ғарыш кемесінің капсуласы бүгін таңертең Қазақстанның Жезқазған қаласының маңында жерге қонды.

НАСА астронавты Майкл Хопкинс, "Роскосмос" космонавтары Олег Котов пен Сергей Рязанский Халықаралық ғарыш станциясында алты айға жуық уақыт (166 күн) болған. Ғарышкерлерді алып түскен капсула жерге жоспарлы уақытта ойдағыдай оралған.

Халықаралық ғарыш станциясында қалған Жапония Аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавты Коичи Ваката, НАСА астронавты Рик Мастраккио және ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин мамыр айының ортасына дейін болмақ. Олар станцияға үш ғарышкерден тұратын жаңа экипаж баратын екі аптаға дейін станцияда жұмыс істемейді.
XS
SM
MD
LG