Accessibility links

Жоғалған ұшақтағы күдіктінің бірі Иран босқыны екені айтылды


Малайзия ұшағы жайлы хабарды естіп жылап тұрған адам. Пекин әуежайы, 8 наурыз 2014 жыл.

Малайзия ұшағы жайлы хабарды естіп жылап тұрған адам. Пекин әуежайы, 8 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Малайзия полициясының басшысы Тан Сри Халидт 8 наурызда жоғалып кеткен малайзиялық ұшаққа "ұрланған паспортпен мінді" делінген екі күдіктінің бірі ирандық 19 жастағы босқын болғанын хабарлады. Оның айтуынша, ирандық босқын Германияға баруды жоспарлаған және ол қандай да бір террорлық ұйымның мүшесі емес деген болжам бар.

Жоғалған паспортты пайдаланып ұшаққа мінген екінші адамның кім екені тексеріліп жатыр.

Малайзияның "Боинг-777" ұшағы 8 наурыз күні 239 жолаушысымен бірге жоғалып кеткен еді. Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан ұшақ шамамен бір сағаттан соң, Малайзия мен Въетнам арасындағы теңіз аумағында ешбір дабыл белгісін берместен хабарсыз кеткен.

Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы 10 елдің 100-ге жуық кемесі мен ұшағы Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалған ұшақты үшінші күн бойы іздестіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG