Accessibility links

Мемлекеттік дума Қырымды қосу туралы заң жобасын талқыламақ


Ресей мемлекеттік думасы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресей мемлекеттік думасы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресей мемлекеттік думасы Қырымның Ресей құрамына қосылуы туралы заң жобасын 21 наурызда қарамақ ниетте деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Заң жобасын "Справедливая Россия" партиясының депутаттары ұсынған. Онда "шетелде азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғайтын егеменді биліктің болмауына байланысты референдум нәтижесінде" Ресей құрамына жаңа территорияны қосып алу туралы айтылған. Партия өкілдері заң жобасы Украинадағы жағдайларға байланысты ұсынылды дейді.

Украинаның Қырым автономиялық республикасының мәртебесі туралы референдум 16 наурызда өтеді. Референдумда дауыс берушілерге "Сіз Қырымның Ресей құрамына кіргенін қолдайсыз ба әлде Қырымның 1992 жылғы конституциясын қалпына келтіріп, оның Украинаның құрамдас бөлігі болғанын қолдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады.

Украинаның жаңа басшылығы референдумды заңсыз деп санайды. Қырым татарларының мәжілісі референдумға бойкот жариялауға шақырған.
XS
SM
MD
LG