Accessibility links

Қырғызстан: Янукович Украинаның заңды президенті емес


Виктор Янукович баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Дондағы Ростов, 11 наурыз 2014 жыл.

Виктор Янукович баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Дондағы Ростов, 11 наурыз 2014 жыл.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Украинаның биліктен қуылған президенті Виктор Янукович "елдің легитимді басшысы бола алмайды" деп мәлімдеді. Министрлік 11 наурызда таратқан мәлімдемесінде Украинадағы дағдарыс бұрынғы басшылық тұсында қабылданған бұрыс шешімдер мен коррупцияның салдарынан туындады деп санайды.

"Кез-келген елдегі биліктің бірден-бір бастауы - сол елдің халқы. Халқының сенімінен айырылып, іс жүзінде өзінің президенттік өкілеттіктерін жоғалтқан әрі елді тастап кеткен президент легитимді деп саналмайды" делінген мәлімдемеде.

Ресми Бішкек мәлімдемеде бұған қоса Қырғызстан Украинадағы дағдарысқа алаңдаулы екенін және бұл елді тұрақсыздандыру үшін жасалып жатқан кез-келген іс-әрекеттерді айыптайтынын білдірген.

Виктор Янукович наурыздың 11-і күні Ресейдің Дондағы Ростов қаласында өткізген баспасөз жиынында өзін әлі де Украинаның заңды жолмен сайланған президенті деп санайтынын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG