Accessibility links

АҚШ сенаторы ЦРУ-ды айыптады


АҚШ сенаторы Диана Файнштейн.
АҚШ сенаторы Диана Файнштейн.
АҚШ сенатының мүшесі Диана Файнштейн Орталық барлау басқармасын (ЦРУ) "ЦРУ-дың тергеу жүргізу әдістерін тексерумен айналысатын сенат қызметкерлерінің компьютерлеріне бұзып кірді" деп айыптады.

Сенаттың барлау қызметі бойынша комитетінің төрағасы Файнштейн "ЦРУ-дың бұл әрекеті - конгрессмендерді қорқытып, олардың жұмысына килігу" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "ЦРУ комитет қызметкерлерінің қатты дискілеріне бұзып кірген, ол дискілерде ЦРУ агенттерінің бұған дейін терроризмге қатысты күдіктілерді тергеу кезіндегі әдіс-тәсілдері туралы жазылған".

ЦРУ директоры Джон Бреннан өз ведомствосы сенаттың компьютерлік жүйесіне "бұзып кірмегенін" айтып, сенатордың таққан айыбын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG