Accessibility links

Украина әскерінің әзірлігі


Қырым шекарасындағы тексеру пункттеріне Украина әскері 11 наурыз күні қойылды. Видеодан траншеяға жасырылған атқыш техниканы көруге болады. Украинаның орталық аймақтарынан зымыран атқыш әскери көліктердің қозғалысы байқалған. Үкімет бұрынғы президент Януковичті «әскерді әлсіреткен» деп айыптайды. Министрлер 6 мың жауынгердің ғана әскери қимылдарға жарамды екенін хабарлады. Украинаның уақытша президенті Александр Турчинов «Ардагерлердің ұлттық гвардиясы қайта құрылғанын» мәлімдеді. Турчинов әскерге Ресейге қарсы арандату әрекеттерін жасамауды ескертті. Ол Ұлттық гвардияның «азаматтарды қылмыскерлерден, ішкі және сыртқы агрессиядан қорғайтынын» мәлімдеді. Киев «Ресей агрессиясына» қарсы АҚШ пен Ұлыбританиядан көмек сұрап отыр.

XS
SM
MD
LG