Accessibility links

АҚШ президенті Украина премьерімен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін, 12 наурызда Вашингтонда Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездеседі.

АҚШ конгресі өкілдер палатасы 11 наурызда Украинаның Қырым автономиялық республикасына қатысты Ресей саясатын айыптаған қарар қабылдаған еді. Орындалуы міндетті емес, тек конгрестің ұстанымын білдіретін қарарды 402 депутат қолдап дауыс берген.

Конгрес мүшесі, өкілдер палатасы сыртқы істер комитетінің төрағасы Эд Ройс қарарға дауыс берерінің алдында: "Ресейдің әрекетін жауапсыз қалдыруға болмайды. Мәскеу өзінің басқыншылық саясаты кесірінен қаншалықты оқшауланып қалғанын әлем елдерінің басшылары айтып жатыр. Өкілдер палатасы да сол үндеулерге қосылады" деп мәлімдеген.

Эд Ройс бұған қоса халықаралық қауымдастықты Украинаның жаңа үкіметіне жедел және тыңғылықты көмек көрсетуге шақырған.
XS
SM
MD
LG