Accessibility links

Малайзия: Ұшақты басқа аймақтан іздеп жатырмыз


Малайзияның жоғалған ұшағын теңізден іздеп жүрген Вьетнам кемесі. Вьетнам, 11 наурыз 2014 жыл.

Малайзияның жоғалған ұшағын теңізден іздеп жүрген Вьетнам кемесі. Вьетнам, 11 наурыз 2014 жыл.

Малайзия билігі 8 наурызда жоғалған "Боинг-777" жолаушылар ұшағын Андаман теңізінің оңтүстік бөлігінен, әуелгі іздестірген аймақтан солтүстік-батысқа қарай жүздеген километр жерден іздеуге кірісті. Бұл туралы 12 наурызда хабарлаған Малайзия азаматтық авиация қызметінің басшысы Азхаруддин Абдул Рахман іздеу аймағының не себепті өзгертілгенін түсіндірмеді.

Андаман теңізі Суматра аралының солтүстігі мен Таиландтың батыс жағалауы аралығында орналасқан.

Ал Вьетнам үкіметі өзіне тиесілі теңіз бөлігінде іздестіру жұмыстарын шектейтінін хабарлады. Вьетнам транспорт министрінің орынбасары Фам Ки Тю бүгін кемелермен іздестіру жұмыстары тоқтатылатынын, тек бірнеше ұшақ қана әуеден шолып ұшып жүретінін айтты.

Малайзияның "Боинг-777" ұшағы 8 наурыз күні 239 жолаушысымен бірге жоғалып кеткен еді. Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан ұшақ шамамен бір сағаттан соң, Малайзия мен Вьетнам арасындағы теңіз аумағында ешбір дабыл белгісін берместен хабарсыз кеткен.

Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы 10 елдің ондаған кемелері мен ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалған ұшақты төрт күннен бері іздеп жүр.
XS
SM
MD
LG