Accessibility links

Алматы автобус паркі шенеуніктерінің үстінен іс қозғалды


Қалалық автобус көліктері. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

Қалалық автобус көліктері. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті қалалық муниципалды автобус паркінің бірнеше лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық кодекстің "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша іс қозғаған.

Қаржы полициясының хабарлауынша, акция пакеті толығымен Алматы қалалық әкімдігіне тиесілі "Алматыэлектротранс" кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі саналатын Муниципалды автобус паркінің лауазымды тұлғалары 2011-2012 жылдары жолаушы тасымалдайтын көліктерден жолақы түрінде түскен 76 миллион теңге қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

Азаттық бұған дейін Алматы автобустарындағы валидаторлар жолақыдан артылған ақшаны жиі бермей қалатыны туралы жазған еді.
XS
SM
MD
LG