Accessibility links

"Алғаның" бұрынғы мүшесі белсенділерді сотқа берді


Белсенді Марат Жанұзақов. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.
Белсенді Марат Жанұзақов. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының бұрынғы мүшесі Рустам Әбенов осы партияның Ақмола облыстық филиалының бұрынғы жетекшісі Марат Жанұзақов пен азаматтық белсенді, блогер Асқар Шайғұмаровты сотқа берген деп хабарлайды "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.

Қордың жазуынша, шағымға ablyazov.org сайтында жарияланған Францияның әділет министріне жазылған үндеу мен Facebook-те қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадицияламауды сұрап жазған хат себеп болған. Әбенов өз келісімінсіз үндеу мен хатқа қол қойғандар қатарына қосып жіберген деп, соттан жауапкерлерді жария түрде өзінен кешірім сұрауға және моральдық шығын ретінде 1 миллион өндіріп беруге міндеттеуді сұрап отыр.

"Асқар Шайғұмаров тағылған айыппен келіспейді. Ол Батыс Қазақстан облыстық сотының дисциплинарлық-квалификациялық алқасына, облыстық прокуратураға және Орал қалалық №2 сотына жүгініп, судья Г.Оспановтың үстінен шағым түсірді. Шайғұмаров судьяны шағым иесі Әбеновтің арызын заңсыз түрде қабылдап, азаматтық-процессуалдық кодекс нормасын бұзды деп санайды" делінген "Әділ сөз" қоры таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG