Accessibility links

Ресей мәдениет қайраткерлері Путин саясатын қолдады


Ресейлік режиссер Федор Бондарчук әйелі Светлана Бондарчукпен бірге.
Ресейлік режиссер Федор Бондарчук әйелі Светлана Бондарчукпен бірге.
Ресейдің ондаған мәдениет өкілдері президент Владимир Путиннің Қырымға қатысты саясатына қолдау білдіріп, ашық хат жариялады.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, 80-ге тарта адам, оның ішінде дирижер Валерий Георгиев, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайының басшысы Ирина Антонова, актер Сергей Безруков, режиссер Федор Бондарчук, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің қызы Елена Гагарина, скрипкашы Юрий Башмет Путинді қолдаған хатқа қол қойған.

Ресейдің мәдениет министрлігінің ресми сайтында жарияланған ашық хатта олар "Қырым мен отандастарымыздың тағдыры шешіліп жатқан кезде Ресей мәдениет қайраткерлері жағдайды салқын, немқұрайлы түрде бақылап қана отыра алмайтындарын" және Путиннің "Украина мен Қырымға қатысты ұстанған позициясын берік қолдайтындарын" айтқан.

Өткен аптада өнер қайраткерлерінің тағы бір тобы, киносыншы Антон Долин, жазушылар Людмила Улицкая мен Виктор Ерофеев және танымал киноактриса Лиа Ахеджакова "Ресей қарулы күштерінің Қырымға басқыншылық жасағанын" айыптаған үндеу жасаған еді. Кино саласының қайраткерлері украиндық әріптестеріне қолдау білдірген.
XS
SM
MD
LG