Accessibility links

Қырым татарларының қайраткері Мәскеуде жүр


Қырым татарлары меджилисінің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев.

Қырым татарлары меджилисінің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев.

Қырым татарлары меджилисінің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев Украинадағы дағдарысқа қатысты келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуде жүр. Кеше ол Мәскеуде Түркияның Ресейдегі елшісі Айдын Сезгинмен, бүгін Украинаның Ресейдегі елшісі Владимир Ельченкомен кездескен.

Мустафа Джемилев Мәскеуге кеше Татарстанның бұрынғы президенті Минтемир Шаймиевтің шақыруымен барған. Қырымнан Мәскеуге шықпай тұрып Джемилев Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметіне берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен де кездесуі мүмкін екенін айтқан. Ол Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - Меджилистің ұстанымы - Ресей Қырымнан әскерін әкетіп, Украинаның тұтастығы құрметтелуі тиіс екенін тағы қайталаған.

"Біздің басты шартымыз - Ресей әскерін әкетуі керек. Тек содан кейін ғана басқа жайттар туралы сөйлесуге болады" деді ол.
XS
SM
MD
LG