Accessibility links

Тінтуден кейін «Аман-саулықтың» қызметкері қамалды


Оппозициялық ұйымның бірінің кеңсесінің тінтуден кейінгі күйі. Алматы, 30 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Оппозициялық ұйымның бірінің кеңсесінің тінтуден кейінгі күйі. Алматы, 30 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматы қаласы қаржы полициясы «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) кеңсесіне тінту жүргізді. ҮЕҰ қызметкері Людмила Зоринаның қамауға алынғаны туралы хабар тарады.

Алматы қаласындағы азаматтық белсенділердің хабарлауынша, наурыздың 11-і күні шамамен кешкі сағат 16-дан түнгі 22-ге дейін қаржы полициясы «Аман-саулық» ҮЕҰ кеңсесінде тінту жүргізген. Тінтуден кейін кеңсе қызметкерлерін босатқан, бірақ «Аман-саулық» басшысы Бақыт Түменова мен ұйым қызметкері Людмила Зоринаны қаржы полицейлері алып кеткен.

Азаттық тілшісі телефоны өшірулі болғандықтан Бақыт Түменовамен сөйлесе алмады. Бірақ оның адвокаты Елена Савинова наурыздың 12-сі күні кеңсесінде Бақыт Түменовамен кездескенін Азаттық тілшісіне хабарлады. Адвокат Түменованың процессуалдық статусы туралы және полицияның рейд жүргізу себебіне қатысты ақпарат беруден бас тартты. Бірақ ол кеңседе тінту жүргізіліп, құжаттар мен техниканы полиция алып кеткені туралы ақпаратты растады.

Людмила Зоринаның да адвокаты Елена Савинованың айтуынша, тінтуден кейін тұтқындалған Зорина қазір Алматы қаласы ішкі істер департаментінің уақытша
Адвокат Елена Савинова.
Адвокат Елена Савинова.
қамау абақтысында отыр. Елена Савинова клиентінің процессуалдық статусына қатысты комментарий беруден бас тартты.

Азаттық тілшісі хабарласқан «Аман-саулық» ҮЕҰ қызметкерлері қаржы полициясы жүргізген рейдке қатысты комментарий бермеді.

Наурыздың 12-сі күні түске дейін Азаттық тілшісі хабарласқан қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің бастығы Жақсылық Жақыбаевпен «Аман-саулық» ҮЕҰ кеңсесіне жүргізілген тінту туралы ештеңе білмейтінін айтып, түстен кейін хабарласуды сұрады. Бірақ түстен кейін «ауызша ақпарат беруге құқығым жоқ» дейді.

Алматы қаласы қаржы полициясы департаменті қызметкері Руслан Миров «тергеу құпиясын ашуға қақым жоқ» деген уәжбен «Аман-саулық» ҮЕҰ кеңсесіне жүргізілген тінтуге байланысты Азаттық тілшісіне қандай да бір комментарий беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Zakon.kz заң газеті құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап,
«Аман-саулық» ҮЕҰ басшысы Бақыт Түменова (оң жақ шетте) наразылық шарасында. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.
«Аман-саулық» ҮЕҰ басшысы Бақыт Түменова (оң жақ шетте) наразылық шарасында. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.
наурыздың 11-і күні «Аман-саулық» қоғамдық қорына қатысты тергеу амалдары басталды» деп жазды. Хабарламада «Аман-саулық» ҮЕҰ-нің кейбір қызметкерлері заңсыз ақшаның ізін жасыру әрекетіне қатысқан деп көрсетілген.

2007 жылдан бері жұмыс істейтін «Аман-саулық» ҮЕҰ негізінен халық денсаулығына қатысты проблемаларды зерттеумен айналысады. Ұйым халықтың денсаулығын жақсартуға жаппай жемқорлық, кландық билік және Қазақстандағы авторитарлы режимнің өзге келеңсіздіктері кедергі келтіріп отыр деп есептейді.

«Аман-саулықты» Қазақстандағы оппозициялық қозғалыстың 65 жастағы ардагері, мамандығы дәрігер, мемлекеттік қызметін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында аяқтаған Бақыт Түменова басқарады. Бақыт Түменова – 2013 жылдың жазында Қазақстан демократиялық күштері елдің Кеден Одағынан шығуы жөнінде референдум өткізу туралы мәселені талқылаған жиналысты жүргізген азаматтардың бірі.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG