Accessibility links

Барак Обама Арсений Яценюкпен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Вашингтон, 12 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Вашингтон, 12 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 13 наурызда Вашингтонда Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесті.

Кездесу барысында Обама Украинаның территориялық тұтастығын сақтауда Вашингтонның осы ел жағына шығатынын мәлімдеді. Обаманың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Украина дағдарысына қатысты ұстанымын өзгертпесе, Батыс елдері шаралар қолдануға мәжбүр болады.

Яценюк өз үкіметі келіссөздерге дайын екенін, бірақ Украинаның егемендігі үшін күресте "ешқандай шегініс жасамайтынын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG