Accessibility links

Түркияда демонстранттар мен полиция қақтығысты


Демонстранттар қақтығыс кезінде жараланған шерушіні алып барады. Анкара, 12 наурыз 2014 жыл.

Демонстранттар қақтығыс кезінде жараланған шерушіні алып барады. Анкара, 12 наурыз 2014 жыл.

Стамбулда былтыр үкіметке қарсы наразылықтарда алған жарақаты салдарынан қайтыс болған 15 жастағы жасөспірім Беркин Елванды жерлеудің соңы жаңа қақтығыстарға ұласты.

Беркин Елван өткен жылы Түркияда үкіметке қарсы наразылықтар кезінде дүкенге нан алуға бар жатқан жерінде басына көзден жас ағызатын газы бар канистр құлап, сол соққыдан содан бері ес-түссіз күйде жатқан еді.

11 наурызда оның қайтыс болғаны туралы хабардан соң Түркияның кейбір қалаларында демонстранттар мен полиция арасында жаңа қақтығыстар болған. Кеше Анкарада бір топ демонстрант өткен жылы үкіметке қарсы наразылықтардың орталығы болған Таксим алаңына кіруге ұмтылғанда қақтығыс басталып, полиция мыңдаған демонстрантты тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашқан.
XS
SM
MD
LG