Accessibility links

"Үлкен жетілік" елдері Ресейге ескерту жасады


Қырымның Ресейге қосылуы жөніндегі референдум баннері. Симферополь, 11 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырымның Ресейге қосылуы жөніндегі референдум баннері. Симферополь, 11 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
"Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Ресей үкіметін егер Қырымда референдум өткізуді және "аймақтың мәртебесін өзгерту әрекеттерін" тоқтатпаса, онда Ресейге қарсы шаралар қолданатындарын ескертті. Вашингтонның жеті ел басшылары атынан таратқан мәлімдемесі бойынша, 16 наурызға белгіленген референдумның "заңды күші жоқ" және оның нәтижесін "үлкен жетілік" елдері мойындамайды.

Мәлімдеме экономикалық жағынан қуатты жеті мемлекет - АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Франция, Италия және Ұлыбритания билігінің атынан жасалған.

Бұған дейін "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің Сочи қаласында маусым айында өтеді деп жоспарланған "Үлкен сегіздік" елдері саммитіне қатысудан бас тартып, Ресейдің қатысуынсыз саммитті басқа жерде өткізуге шақырған.

Бұдан бұрын Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов "Ресей Қырым мәселесіне қатысты келіссөздерден бас тартты" деген еді.
XS
SM
MD
LG