Accessibility links

Қытай теңізде табылған "сынықтардың" суретін жариялады


Қытайдың спутниктік деректер мен ақпараттар орталығы жариялаған суретте Малайзияның жоғалған ұшағының теңіздегі сынықтары болуы мүмкін деген болжам айтылды. 13 наурыз 2014 жыл.

Қытайдың спутниктік деректер мен ақпараттар орталығы жариялаған суретте Малайзияның жоғалған ұшағының теңіздегі сынықтары болуы мүмкін деген болжам айтылды. 13 наурыз 2014 жыл.

Қытай өз спутниктері бірнеше көлемді затты теңізде байқап суретке түсіріп алғанын хабарлады. Олар Малайзияның жоғалған ұшағының сынықтары болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

Қытайдың мемлекеттік ғылым және техника қызметінің кеше хабарлауынша, қытайлық спутниктер 9 наурызда Оңтүстік Қытай теңізі аумағында, Малайзияның шығыс жағы мен Въетнамның оңтүстік жағалауы арасындағы теңізде қалқып жүрген заттарды суретке түсіріп алған. Әлгі заттардың ең үлкенінің ұзындығы 24 метрге, ені 22 метрге дейін жетеді деп хабарланды. Қазір бұл суреттер тексеріліп жатыр.

Бірақ әзірге басқа елдің ресми орындары бұл ақпаратты растай қоймады.

Малайзияның "Боинг-777" ұшағы 8 наурыз күні 239 жолаушысымен бірге жоғалып кеткен еді. Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан ұшақ шамамен бір сағаттан соң, Малайзия мен Въетнам арасындағы теңіз аумағында ешбір дабыл белгісін берместен хабарсыз кеткен.

Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы бірнеше елдің 100-ге жуық кемесі мен ұшағы әуелгі үш күн бойы жоғалған ұшақты Оңтүстік Қытай теңізі аумағынан іздеген. Кеше Малайзия ұшақты Суматра аралының солтүстігі мен Таиландтың батыс жағалауы арасындағы Андаман теңізінен іздестіруді бастағанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG