Accessibility links

Сенат сыртқы барлау туралы заң жобасын мақұлдады


Қазақстан парламентінің сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламентінің сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент сенаты бүгін "Қазақстан Республикасының сыртқы барлау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Сенаттың пленарлық отырысында сөйлеген "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Ғабит Байжанов "Заң жобасы барлау қызметтерін одан ары жетілдіруге бағытталған және ол сыртқы барлау субъектілері - "Сырбар" қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігінің қызметтерімен байланысты" деді. Оның айтуынша, сыртқы барлау қызметіне қатысты "Жедел іздестіру қызметтері туралы" заңға, "Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заңға және "Сыртқы барлау туралы" заңға да өзгерістер енгізілмек.

"Сырбар" сыртқы барлау қызметі 2009 жылы құрылған.
XS
SM
MD
LG