Accessibility links

Прокуратура: МИ-8 апатына қатысты іс жабылды


Құлаған тікұшақ. (Көрнекі сурет)

Құлаған тікұшақ. (Көрнекі сурет)

2012 жылдың қараша айында құлаған "Евро-Азия Эйр" компаниясының МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауына "күрделі ауа-райы жағдайы" себеп болды деп хабарлады бүгін Қазақстан көліктегі бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Прокуратура тікұшақтың апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылғанын айтады.

Құзырлы органның дерегінше, тергеушілер апат "күрделі ауа-райы жағдайында айналаның нашар көрінуіне байланысты" болды деп тапқан. Тергеушілер бұған қоса тікұшақ экипажының командирі "қолайсыз ауа-райына қарамастан ұшуға шешім қабылдап, әуеде тікұшақты басқара алмай қалған" деген тұжырым жасаған.

2012 жылы 24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген МИ-8 тікұшағы жоғалып кеткен еді. Ал қарашаның 29-ы күні тікұшақ апатында қаза болған 8 адамның мәйіттері табылған.
XS
SM
MD
LG