Accessibility links

Қытай парламентінің жыл сайынғы сессиясы аяқталды


Қытай премьер-министрі Ли Кэцян Бүкілқытайлық халық депутаттарының сессиясының жабылуында сөйлеп тұр. Пекин, 13 наурыз 2014 жыл.
Қытай премьер-министрі Ли Кэцян Бүкілқытайлық халық депутаттарының сессиясының жабылуында сөйлеп тұр. Пекин, 13 наурыз 2014 жыл.
Бүгін Пекинде Бүкілқытайлық халық депутаттарының жыл сайынғы сессиясы аяқталды. Сессияда депутаттар басқарушы Қытай коммунистік партиясының экономикалық реформаларды жеделету туралы жоспарын қолдады.

Сессияда премьер-министр Ли Кэцян елдегі экономикалық жағдай мен үкіметтің жұмысы туралы баяндама жасады. Депутаттар үкімет жұмысын мақұлдап, 2014 жылдың бюджетін қабылдады.

Қытайдың биылғы бюджет жобасында қорғанысқа бөлінетін қаржыны 12,2 пайызға көбейту жоспарланған. Үкімет қорғанысқа бөлінетін қаржыны көбейту елдің қарулы күштерін модернизациялау қажеттіігінен туындап отыр деп түсіндіреді.

Тоғыз күнге созылған сессия барысында бұлардан өзге шағын бизнесті ынталандыру, инфляцияны бақылау шаралары, ауылды жерлерді дамыту, коррупциямен күрес және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері де талқыланды.

Сессияға Бүкілқытайлық халық депутаттары кеңесінің 3 мыңға жуық депутаты қатысты.
XS
SM
MD
LG