Accessibility links

Пан Ги Мун Израильдің Газа секторына соққысын айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Израильдің Газа секторына әуеден соққы жасағанын айыптады. Ол қақтығыс шиеленісуінің алдын-алу үшін Газа секторындағы қарсы тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырды.

Ал Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас Израильден Газа секторында әскери қақтығысты тоқтатуды талап етті.

Израиль Палестинадағы бүлікшілер жағалаудағы аймақтардан Израиль территориясына 60-қа жуық зымыран атқаннан кейін Газа секторындағы нысандарды бомбалағанын хабарлаған.

Израильге атылған зымырандарды "Ислам жиһады" деп аталатын ұйым мойнына алған. Израиль полициясы палестиналық бүлікшілер атқан зымырандардан ешкім зардап шекпегенін айтады.

"Ислам жиһады" шабуылды Газа секторында Израильдің әуе соққысынан үш мүшесі қаза тапқан соң бір күннен кейін жасаған.
XS
SM
MD
LG