Accessibility links

Түркиядағы қақтығыстарда екі адам мерт болған


Полиция үкіметке қарсы шерушілерге көзден жас ағызатын газ шашып жатыр. Стамбул, 12 наурыз 2014 жыл.

Полиция үкіметке қарсы шерушілерге көзден жас ағызатын газ шашып жатыр. Стамбул, 12 наурыз 2014 жыл.

Түркия үкіметі кеше 15 жастағы жасөспірім Беркин Елванды жерлеу кезінде болған шерушілер мен полицияның қақтығысында екі адам қаза тапқанын хабарлады.

Оның бірі - 22 жастағы тұрғын кеше кешке жастардың үлкен екі тобы арасында болған қақтығыста басынан жараланып қаза тапқаны хабарланды. Мерт болған екінші адам - полиция қызметкері. Ол Түркияның оңтүстік-шығысындағы Тунджели қаласында үкіметке қарсы наразылық танытушылармен қақтығыс кезінде жүрегі ұстап қайтыс болған.

Кеше Түркияның бірнеше қаласында наразылық танытушылар мен полицияның арасында қақтығыстар болған еді.

Беркин Елван былтыр Түркияда үкіметке қарсы наразылықтар кезінде дүкенге нан алуға бар жатқан жерінде басына көзден жас ағызатын газы бар канистр құлап, сол соққыдан содан бері ес-түссіз күйде жатқан еді.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Беркин Елванның өлімін "полицияның шектен шығуына жол берген Түркия билігі үшін ескерту болуы тиіс" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG