Accessibility links

VimpelCom-ның Өзбекстандағы қызметі тексеріліп жатыр


Ресейлік "VimpelCom" компаниясы ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресейлік "VimpelCom" компаниясы ғимараты. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа жөніндегі комиссиясы мен Нидерланды үкіметі Амстердамда орналасқан "VimpelCom" халықаралық ірі телекоммуникациялық компаниясының үстінен Өзбекстандағы қызметіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"VimpelCom" компаниясы Өзбекстанда Beeline брендімен қызмет етеді. Өткен жылы қазан айында Өзбекстан үкіметі компнаияның осы елдегі филиалына "кезектен тыс тексеру" жүргізген.

Өзбекстанға инвестиция салған шетелдік телекоммуникациялық компаниялардың дауға қалғаны бір бұл емес. 2012 жылы Ресейдің ең ірі телекоммуникациялық операторы Mobile Telesystems (MTS) компаниясы Өзбекстандағы қызметін тоқтатып, банкрот деп жарияланған.

2013 жылы ақпанда Швецияның TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясының атқарушы директоры Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі топпен істес болғаннан кейін коррупцияға қатысты қызметінен кеткен еді. Ал сол жылы қазан айында TeliaSonera компаниясының Өзбекстандағы коррупциялық іс-әрекеттеріне бола мекеменің жедел бизнес қызметін жүргізу істері бойынша президенті Теро Кивисаари де қызметінен алынған.
XS
SM
MD
LG