Accessibility links

Австрияда украиналық олигарх ұсталды


Украиналық олигарх Дмитрий Фирташ.
Украиналық олигарх Дмитрий Фирташ.
Австрия полициясы "пара алды және астыртын сөз байласты" деген күдікпен АҚШ құқық қорғау органдары іздеу жариялаған украиналық 48 жастағы олигарх Дмитрий Фирташтың Венада ұсталғанын хабарлады.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФБР) Фирташтың үстінен 2006 жылдан бері тергеу жүргізіп келеді. Қазір ол өзін экстрадициялау процесінің басталуын күтіп жатыр.

Дмитрий Фирташ - Украинаның ең бай адамдарының бірі және оның Ресеймен тығыз байланысы бар. Ол өз капиталын газ, химикат саудасы және бұқаралық ақпарат құралдары мен банк секторындағы бизнесі арқылы жинаған.

Фирташ Украинаның биліктен қуылған президенті Виктор Януковичтің жақын серіктерінің бірі саналады. Кезінде ол Ресей мен Украина арасындағы газ саудасын жүргізген "РосУкрЭнерго" компаниясын иеленген.
XS
SM
MD
LG