Accessibility links

Арсений Яценюк БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйледі


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 13 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында сөз сөйлеп, өз елі "еш себепсіз және негізсіз" әскери басқыншылыққа ұшырағанын, бірақ дағдарысты бейбіт жолмен шешуге болатынын мәлімдеді.

Арсений Яценюк Ресейді Қырымнан әскерін әкетіп, келіссөздер жүргізуге шақырды. Жиында ағылшын тілінде сөйлеген Яценюк Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркинге қарап, "Мәскеу шынымен соғысты қалап тұр ма?" деп орысша сұрады.

13 наурызда Украина парламенті - Жоғарғы Рада БҰҰ мен Еуропа Одағынан Ресейдің Қырымға басқыншылығын тоқтатуға ықпал етуін сұраған құжат қабылдаған.
XS
SM
MD
LG