Accessibility links

Кремль саясатын сынаған сайттар бұғауланды


Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный.
Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный.
Ресей үкіметі Кремльдің саясатын сынаған төрт веб-сайтты жауып тастады.

Ресейдің коммуникациялар агенттігі Grani.ru, Kasparov.ru сайттары мен "Еженедельный журналдың" веб-сайтына "адамдарды рұқсат етілмеген жиындарға қатысуға шақырып, заңға қарсы әрекеттер жасауға арандатпақ болды" деген айыппен тыйым салды. Агенттік бұған қоса оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың веб-сайтын да "өзін үйқамақата ұстау тәртібін бұзды" деген айыппен бұғаулап тастаған.

Kasparov.ru - шахматтан бұрынғы әлем чемпионы, оппозициялық қайраткер Гарри Каспаровтың сайты.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, ресейлік интернет провайдерлері аталған сайттарға тосқауыл қоюды бастап кеткен.

Бұл веб-сайттарға Ресей бас прокуратурасының сұрауы бойынша тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG