Accessibility links

Қытайда кезекті шабуылдан үш адам қаза тапты


Полиция адамдарға пышақпен шабуыл жасалған аумақты тексеріп жатыр. Чанша қаласы, Қытай, 14 наурыз 2014 жыл.

Полиция адамдарға пышақпен шабуыл жасалған аумақты тексеріп жатыр. Чанша қаласы, Қытай, 14 наурыз 2014 жыл.

Қытай билігі бүгін елдің оңтүстігіндегі Чанша қаласындағы (Хунань провинциясы) базарда пышақпен жасалған шабуылдан үш кісі мерт болып, бір адамның жараланғанын хабарлады.

Полиция шабуыл жасағандардың бірін атып өлтіріп, тағы біреуін ұстағанын айтады. Шабуыл жасаған үш адам қашып кеткен.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасағандардың кім екені әзірге белгісіз.

Наурыз айының басында да Қытайдың Куньминь қаласында теміржолда пышақпен шабуыл жасалып, 29 адам өлген еді. Қытай үкіметі шабуылға елдің батысындағы этникалық ұйғырлар мекендейтін Шыңжаң аймағы содырларын айыптаған.
XS
SM
MD
LG