Accessibility links

Ресей: Обама-Яценюк жиынына журналистерімізді кіргізбеді


АҚШ президенті Барак Обама мен Украина преьмер-министрі Арсений Яценюктің кездесуі. Вашингтон, 12 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Украина преьмер-министрі Арсений Яценюктің кездесуі. Вашингтон, 12 наурыз 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі Ақ үйді 12 наурызда Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обама мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюктің кездесуінен кейін болған баспасөз жиынына ресейлік журналистерді кіргізуден бас тартты деп айыптады.

Министрлік бүгін таратқан мәлімдемесінде "Сөз бостандығы мен журналистердің құқықтары туралы айтуды жақсы көретін Вашингтонның өзі бұл ұстанымдарын орындауға дайын емес сияқты көрінді. Ақ үй алдын ала дайындалған сценарийде жоқ сұрақтарды, мысалы Арсений Яценюктің артында тұрған неофашистік "Оңшыл сектор" ұйымы жасаған қылмыстар туралы естігілері келмейді" делінген.

Президент Обама 12 наурызда Ақ үйде Украина премьері Яценюкпен кездесуден кейін өткізген баспасөз жиынында бір ғана журналистің сұрағына жауап берген еді. Жиынға ондаған журналист қатысқан.
XS
SM
MD
LG