Accessibility links

Әблязовты қолдау хатына қатысты сот басталды


Азаматтық белсенді Руслан Әбденов. Орал, 25 қазан 2010 жыл.

Азаматтық белсенді Руслан Әбденов. Орал, 25 қазан 2010 жыл.

14 наурызда Орал қалалық сотында жергілікті белсенді Руслан Әбденовтің Қазақстанда қызметіне тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының бұрынғы екі мүшесіне қарсы талап-арызы бойынша алдын ала сот отырысы өтті.

Руслан Әбденов партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы жетекшісі Асқар Шайғұмаров пен Ақмола облыстық филиалының бұрынғы жетекшісі Марат Жанұзақовты Франциядан экстрадициялау туралы шешімді күтіп қамауда жатқан оппозиционер Мұхтар Әблязовті қорғау үшін жазылған ашық хатқа «сыртымнан қол қойып, моральдық зардап келтірді» деп айыптайды.

Талапкер жауапкерлерден оның қол қойғанын жоққа шығарып ablyazov.org сайтында мәлімдеме жариялауды, жария түрде өзінен кешірім сұрауды және моральдық шығын келтіргені үшін екеуінен 1 миллион теңге (шамамен 5 мың 400 доллар) өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

Бүгінгі сот отырысына Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының тұрғыны Марат Жанұзақов қатысқан жоқ. Ол сот қарсаңында қарсаңында Азаттыққа берген сұхбатында «сотқа шақырылатыны туралы тиісті хабарлама алмағандықтан Оралдағы сотқа қатыспайтынын» айтқан еді. Бүгінгі сот отырысында талапкер Руслан Әбденов та болған жоқ, оның орнына өкілі қатысты.

Руслан Әбденовтің талап-арызы бойынша өтіп жатқан соттың келесі отырысы сәуірдің 2-іне тағайындалды.
XS
SM
MD
LG