Accessibility links

Лавров: Ресей мен АҚШ Қырымға қатысты келісе алмады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри U.K. - U.S. Secretary of State John Kerry (R) shakes hands with Russia's Foreign Minister Sergei Lavrov before their meeting at Winfield House, the home of the U.S. ambassador in London March 14, 2014

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Лондонда баспасөз жиынын өткізді.

Ол 14 наурыз күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен алты сағат келіссөздер жүргізгенін, кездесудің "пайдалы" болғанын, бірақ Вашингтон мен Мәскеудің Қырымға қатысты позицияларын сәйкестендіре алмағандарын мәлімдеді.

Лавров "Ресей Қырым сайлаушыларының таңдауын құрметтейді" дейді. 16 наурыз күні Қырымда Ресейге қосылу туралы референдум өтеді.

Ресей сыртқы саясат министрі "Ресейдің Украинаның шығыс облыстарына әскер кіргізуді жоспарлап отырмағанын" айтты.
XS
SM
MD
LG