Accessibility links

Харьковтегі қақтығыстан кісі өлген


Донецкідегі қақтығыс. 13 наурыз 2014 жыл.

Донецкідегі қақтығыс. 13 наурыз 2014 жыл.

Украиналық БАҚ дерегі бойынша, Харьковте болған ресейшіл және киевшіл шерушілер қақтығысы кезінде бірнеше адам қаза тапқан.

Қақтығыстың қалай болғаны егжей-тегжейлі мәлім емес. Баспасөз жергілікті прокуратураға сілтеме жасап, екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

Харьковтегі оқиға Донецкідегі қақтығыстан кейін болды. Онда бір адам өлген еді. Украинаның шығысындағы оқиғалар шиеленісіп барады.

14 наурыз күні Лондонда Украинадағы жағдайды АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров талқылады. Тараптар мәмілеге келе алмады.

Лавров "Ресей Қырым сайлаушыларының таңдауын құрметтейді" деген. 16 наурыз күні Қырымда Ресейге қосылу туралы референдум өтеді.

Керри "АҚШ-тың референдумды заңды деп мойындамайтынын" айтқан. Керри "АҚШ-тың Қырымда және Украина шекарасында тым көп әскері тұрғанына алаңдайтынын" білдірді.

Керри "Ресей Украинадағы әрекеттерін жалғастыра берсе, Батыс қазіргіден де қатаң позицияға көшетінін" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG