Accessibility links

БҰҰ-да Украина мәселесі дауысқа салынады


БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр. Нью-Йорк, 13 наурыз 2014 жыл.

БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр. Нью-Йорк, 13 наурыз 2014 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні Украинаның аумақтық тұтастығын қолдау туралы қарарды дауысқа салады.

Қарар жобасын АҚШ ұсынған. Онда осы жексенбі Қырымда өтетін референдумға да баға берілген. Құжатта "референдум нәтижесінің заңдық күші болмайды" деп жазылған.

Associated Press және Reuters агенттіктерінің хабарлауынша, Батыс дипломаттары "Ресейдің қарсы дауыс беретінін" алдын ала "біліп отыр". БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр "Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беру нәтижесі бейбіт келісімдерден бас тартқан Ресейдің оқшауланып қалғанын көрсетеді" дейді.

Қарарды жақтаушылар "Қауіпсіздік кеңесінің 13 немесе 15 мүшесі қолдап дауыс береді. Қытай қалыс қалатын шығар" дейді.

14 наурыз күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Лондонда кездесті. Олар Қырым мәселесі бойынша мәмілеге келе алмағандарын хабарлады.
XS
SM
MD
LG