Accessibility links

Жоғалған Boeing-ті әлі іздеп жатыр


Индонезия қорғаныс министрлігінің қызметкерлері картадан Malaysia Airlines лайнерінің жолын қарап тұр.

Индонезия қорғаныс министрлігінің қызметкерлері картадан Malaysia Airlines лайнерінің жолын қарап тұр.

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак өткен аптаның сенбісінде жоғалып кеткен Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағын іздестіру аумағы кеңейгенін хабарлады.

Ұшақ бортында 239 адам болған. Лайнермен байланыс 7 наурыз күні, Оңтүстік Қытай теңізінде үзілген.

Кейінгі күндері ұшақты айдап әкеткен деген жорамал көбейді. Малайзия билігінің болжамы бойынша, ұшақ пен жердегі үйлестірушілердің байланысын қылмыскерлер қасақана үзуі мүмкін. Оңтүстік Қытай теңізінен бөлек, іздестіру жұмыстары Үнді мұхитында, Үндістан мен Пәкістан аумағында жүргізілген. Енді іздестіру аумағы Қазақстан территориясына дейін кеңейтілді.

Boeing 777 - ең үлкен жолаушылар ұшағының бірі. Оның фюзеляж диаметрі алты метрге жетеді. Ұшу алаңынан бір жарым километрден кейін көтеріледі.
XS
SM
MD
LG