Accessibility links

ТЖМ: Сенбіде 1140 адам қар құрсауынан шығарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Наурыздың 15-і күні Қазақстан бойынша автокөлік жолдарында қар құрсауында қалып қойған мыңнан аса адам құтқарылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ақпараты бойынша, Қазақстан аумағында өткен тәулікте 1140 адам (оның ішінде 64 бала) мен 296 техника қар құрсауынан шығарылған.

Ауа райының қолайсыздығынан Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жолаушылары бар автокөліктер жолда тұрып қалған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін «Казгидромет» ауа райын болжау қызметі осы аптаның соңында Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде қатты боран тұрып, қар жаууы мүмкін деп ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG