Accessibility links

Қырым билігі: Тұрғындар Ресейге қосылуды қолдады


Жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берілген бюллетеньдерді санап жатыр. Севастополь, Қырым, 16 наурыз 2014 жыл.

Жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берілген бюллетеньдерді санап жатыр. Севастополь, Қырым, 16 наурыз 2014 жыл.

Қырым билігінің мәлімдеуінше, 16 наурызда өткен референдумда автономия тұрғындарының басым көпшілігі аймақтың "Ресей құрамына кіруін қолдап" дауыс берген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, дауыс бергендердің 93 пайызы Қырымның Украина құрамынан шығып, Ресей құрамына кіруін қолдаған. Дауыс беруге сайлау құқығы бар тұрғындардың 80 пайызы қатысқан.

АҚШ пен Еуропа Одағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді деп, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.

Ақ үй Ресей әскерилерінің "қысымы мен қорқытуы арқылы өткен" дауыс беру нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді. Еуропа Одағының шенеуніктері Қырымдағы референдумды "заңсыз және легитимді емес" деп, бүгін одақ елдерінің сыртқы істер министрлері "Мәскеуге қатысты "қосымша шаралар қабылдау" жайын талқылайтынын хабарлады.

Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов таяуда Мәскеуге Ресейге қосылудың жай-жапсарын талқылайтын делегация жіберілетінін жариялады.
XS
SM
MD
LG